Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Құбылмалы ертегідегі – құбылмалы түстер»
Автор: Умирзакова Ақтоты Куандыковна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2018-12-27
Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған ашық сабақ
Мазмұны:
- Балалардың көру-есту әсерлерін байыту;
- Көркемдік образды бүтін зат ретінде құруға көмектесу;
- Әуен мінездемесімен бірге түстер үйлестігін қатынастыруды оқыту;
- Бейнелеу шығармашылығын айқындауда көмектесу;
- Теңестіре, талдау, өз ойын білдіре білуді дамыту.
- Ф.Л.Пластовтың, В.Д.Полновтың, И.Э.Грабарьдің, И.Шишкиннің, К.З.Максимовтың, И.К.Айвазовскийдің қайта жаңғыртылған суреттері;
- Мольберт, жазғы пейзаждың контурлі бейнесінің бөлшегі
- Қырау жұмсақ ойыншығы, «Екі пері» суреттер театрі, магнитті тақта;
- Түрлі түсті ұшқындар бейнеленген жиек (балалар санына байланысты);
- «Бұл қандай түс?», «Түрлі түсті ноталар» дидактикалық ойындары;
- Үнтаспа, аудиокассеталар.
- Балалар, бүгін Қырауша маған түрлі түсті ұшқындар туралы керемет ертегі айтып берді. Ал сендер тыңдағыларын келе ме? Онда ыңғайланып отырыңдар да, тыңдаңдар (Әңгіме магнитті тақтада суретті театр көрсетілімімен жүреді).
«Баяғыда біздің жерімізде екі сиқырлы пері: Түн перісі мен Жарық перісі. Күнде таңертең Жарық перісі жер бетін тамаша ашық жарық берді, ал түн болғанда, Түн перісі келіп, барлығын қара көрпеге орады. Ұзақ жылдар осылай болды. Жер бетінде барлығы ақ, сұр және қара түсті болатын, тіпті күн де. Бір күні сұр бұлттан бір тамшы су тамды, ол күн сәулесіне жарқ етіп, лезде барлығы жылтыр түрлі-түсті ұшқындармен жарқырай кетті. Бұл өте ғажайып әдемі. Сонда Жарық перісі осы ашық түрлі-түсті бояуларды жерге сыйлауды шешті. Өзінің сиқырлы жарық сәулесімен серпіп жебергенде барлық түрлі-түсті ұшқындар келді. Біреуі көкшіл, екіншісі – қызғылт, үшіншісі – жасыл, төртіншісі – күлгін. Неше түрлі ұшқындар болды.
- Құрметті ұшқындар, - деді құдыретті Жарық перісі, - Жер бетін өз түстеріңмен жарық ету және оны түрлі-түсті, сәнді және қуанышты ету ауыр жұмыс.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? (Балалар жауабы).
- Бұл ертегіден сендер не білдіңдер? (Жер түрлі-түсті емес, ақ –қара, күн сәулесі мен су тамшысынан түрлі-түсті ұшқындар пайда болады).
- Ал сендердің ұнататын түстерің бар ма? Қандай? (Балалар жауабы).
- Қырауша сендерді де түрлі-түсті ұшқындарғы айналдырғанын қалайсыңдар ма? (Балалар жауабы).
- Ал енді сендер ұшқындарсыңдар. Өздеріңді атаңдар (Балалар шеңберді көрсетіп, түсті атайды).
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.