Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл шешім ұлттық компанияның басшылығындағы кадрлық өзгерістер аясында қабылданды. Осылайша, Бауыржан Орынбасаров ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін жаңа басшы тағайындалғанға дейін уақытша атқаратын болады.
Еске салайық, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Оның қызметтен босатылуы туралы шешімді ұлттық компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ қабылдаған еді.