Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҚТЖ басшысы қызметінен кетті

ҚТЖ басшысы қызметінен кетті
Фото: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешімді ұлттық компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ қабылдаған. Соған сәйкес Талғат Алдыбергеновтің басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі ресми түрде тоқтатылды.

«Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта ұлттық компанияға жаңа басшының қашан тағайындалатыны және бұл қызметке кімнің келетіні әзірге жарияланған жоқ. Компания тарапынан өзге мәлімет берілген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.