Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында төбелеске қатысқан әкімдіктің басқарма басшысы қызметінен босатылады

Түркістан облысында төбелеске қатысқан әкімдіктің басқарма басшысы қызметінен босатылады
Видеодан скрин

Түркістан облысында төбелеске қатысқан әкімдіктің басқарма басшысы қызметінен босатылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Түркістан облысының этика жөніндегі кеңесі әкімдікке қарасты басқармалардың бірінің басшысын төбелеске қатысып, мемлекеттік қызмет беделін төмендеткені үшін қызметінен босатуды ұсынды.

Бұған дейін желіде бірнеше ер адамның қатысуымен болған төбелестің видеосы жарияланған еді. Кейін анықталғандай, төбелеске қатысушыларының бірі Түркістан облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұл болып шықты.

Этика кеңесі мемлекеттік органның беделін төмендеткені үшін басшыны қызметінен  босатуды ұсынды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ресми құжатты күтіп отырғандарын, оны алған соң аталған қызметкерді қызметінен босататынын мәлімдеді.

"Әрине, бұл жағдай бізге жараспайды. Мемлекеттік қызметшілердің беделіне нұқсан келтірді. Бүгін ресми құжат беріледі деп ойлаймын. Содан кейін біз, тиісінше, этика кеңесінің шешімін орындап, қызметтен босатамыз", - деді ол.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі