Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша патрульдік-бекеттік қызмет атқару үшін Ұлттық ұланның әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.
"Азаматтардан өткізілетін іс – шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.