ка

Қосылған құн салығы 16%, төменгі шегі – 40 миллион: Мәжілісте жаңа Салық кодексі талқыланды

09.04.2025 10:35
0
14

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжіліс отырысында қосылған құн салығына қатысты өзгерістерді таныстырды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұманғарин кәсіпкерлермен кеңесе келе қосылған құн салығы бойынша ең төменгі шекті 40 миллион теңге деп белгілеу ұсынылғанын айтты. "Қосылған құн салығы 16% болады. Екінші, қосылған құн салығы бойынша шегі 40 миллион теңге мөлшерінде белгіленеді. 40 миллион теңге – үкімет пен депутаттардың конструктивті позициясының арқасында жеткен келісімнің жемісі. Бірақ біз бұдан кейін 160 мың  жаңа салық төлеушілерден айрыламыз. Сонымен қатар қосылған құн салығынан қосымша жиналатын 400 миллиард теңгеден қағыламыз", – деді ол. Осылайша кәсіпкерлер алдағы уақытта үкімет пен парламент осындай келісімге келуге дайын екенін білуге тиіс дейді. Бұған дейін үкімет қосылған құн салығы бойынша төменгі шегін 78 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынған еді.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий