Қоғам

Қостанайда алты жыл жөндеусіз тұрған балалар ауруханасы дауға себеп болды

Қостанайда алты жыл жөндеусіз тұрған балалар ауруханасы дауға себеп болды
фото: Халық Қаһары

Қостанайда облыстық балалар ауруханасы алты жылдан бері жөндеусіз бос тұр. Жөндеуге бөлінген 2,7 миллиард теңге игерілмей қалған. «Халық Қаһары» азаматтық бастамасының белсенділері бұл мәселеге назар аударту үшін қалаға қайта келіп, денсаулық сақтау басқармасынан нақты жауап талап етті.

2019 жылы аурухана күрделі жөндеуге жабылып, жобаға бастапқыда 1,2 миллиард теңге, кейін тағы 1,5 миллиард теңге бөлінген. Бірақ арада алты жыл өтсе де, ешқандай жұмыс аяқталмаған. Осы уақыт ішінде ата-аналар балаларын басқа аудандарға апаруға мәжбүр болды.

Жөндеу үшін жауапты тұлға – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев. 2023 жылы белсенділер оған әрекетсіздігі үшін «қара таңба» тапсырып, әлеуметтік желіде дау туғызған еді.

Бүгін олар басқарма алдына үш метрлік стела орнатып, халық алдындағы міндеттерді еске салды. Белсенділердің айтуынша, аурухананың ашылуы – тек балалар үшін емес, бүкіл қоғам үшін маңызды мәселе.

«Халық Қаһары» науқаны әділет үшін күресті жалғастырып, аурухананың іске қосылуына қол жеткізуге ниетті.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz