«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайдағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам өртеніп кетті

Қостанайдағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам өртеніп кетті
Қостанайда көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерді басылымға оқырман жіберген. Ол жантүршігерлік жағдай 21 қаңтарда Қостанайдағы 8-шағын аудандағы №11 үйдің кіреберісінде болғанын айтқан.

" 21 қаңтарда сағат 13:16-да 8 шағын ауданнан коңырау келді. 10 қабатты тұрғын үйде баспалдақта қоқыс өртеніп кетті. Сонымен қатар, 9-шы және 10-шы қабаттар арасындағы баспалдақта өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады. Өрт 13:55-те ауыздықталды",-деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Автор
Нұрсұлтан