KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қостанайдағы қазақ мектебіндегі шу: Тоқаев тапсырма берді

• Әлихан

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Жергілікті билік қаладағы жалғыз қазақ мектебін бұрынғы колледж ғимаратына көшірмекші болған

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ мектебіне қатысты мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін БАҚ-та Сырбай Мәуленов атындағы №24 бастауыш мектепті Бородин көшесіндегі бұрынғы Қостанай кәсіптік-техникалық колледжінің ғимаратына көшіргелі жатыр деген ақпарат тараған болатын. Ал мектептің ғимаратын балабақшаға айналдыру жоспарланған екен. Алайда оқушылардың ата-аналары жергілікті биліктің бұл бастамасына қарсы шықты.

Осыдан кейін мемлекет басшысы білім және ғылым министрі мен облыс әкіміне мәселені шешуді тапсырды.

​

"Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс", - деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін қостанайлық ата-аналар қазақ тілінде білім беретін  жалғыз мектептің жай-күйі нашар екенін айтып шағымданған болатын.


sputniknews.kz
Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →