KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қостанайда бір жарым жасар сәби 4-қабаттан құлап кетті

KZNEWS

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен бір жарым жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды alau.kz.

Оқиға 26 мамырда болған. Бір жарым жасар қыз бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетіпті.

Тағы оқыңыз: Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған - видео

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

"Жедел жәрдем сәбиді Қостанай облыстық ауруханасына жеткізді. Қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр", - деп мәлімет берді басқарма.

Өңірдің дәрігерлері ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.

Тағы оқыңыз: Екі сәби мен бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті


sputniknews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары