Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанай облысының әкімі не үшін ақша жинап жатқанын айтты

Қостанай облысының әкімі не үшін ақша жинап жатқанын айтты

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Архимед Мұхамбетов тамақ, киім-кешек, коммуналдық шығындарға көп ақша кететін айтты. Соңғысы үшін айына 40 мың теңгедей төлейді екен

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өз жалақысының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ол құпия емес. Менің жалақым барлық алым-салықпен қоса шамамен 762 000 теңгеге жетеді. Ал үйдің коммуналдық шығындары үшін айына 40 мың теңгедей төлеймін", - деді Мұхамбетов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс басшысы айлықты киім-кешек пен тамаққа жұмсайтынын жеткізді. Ақшаны жинап жүргенін де айтып қалды. 

Тағы оқыңыз: "Оны кім тексереді?": Архимед Мұхамбетов желіде тараған видеоға түсініктеме берді

"Дәл қазір айлығымды қалай жұмсайтынымды айта алмаймын. Енді, қарапайым адамның шығындары сияқты. Тамақ, киім-кешек, коммуналдық шығындарға көп кететін шығар. Әрине, кез келген адам сияқты ақша жинаймын. Өйткені балаларымның болашағын, ертеңгі күнді ойлаймын. Олар лайықты білім алуы тиіс", - деп атап көрсетті Мұхамбетов.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан