Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

«Қостанай - Әулиекөл» тасжолында екі джип соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат бүгін сағат 16.30-да Қостанайдан Әулиекөл ауылына апаратын тасжолдың 69- шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған.

«Екі джип соқтығысып қалған. Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жол апатынан 6 адам қаза тапқаны белгілі» деп түсіндірді облыстың полиция департаменті.

Сондай-ақ ведомство оқиғаның егжей-тегжейі мен қосымша ақпарат кейінірек берілетінін хабарлады.

Автор
Нұрсұлтан