KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қостанай облысында 4 адам қайғылы жағдайда қаза тапты

• Жарқын Омаров
Фото: topwar.ru

«Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» тас жолында «Mercedes-Benz» пен ВАЗ-2107 көліктері соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Мерседес Бенц 200» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан бетпе-бет соқтығыс орын алған.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады. 

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →