Қостанай облысында жол апатынан алты шетелдік қаза тапты

Қазақстан мен Ресей шекарасына бағыт алған шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан алты шетелдік азамат көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға бүгін таңертең Алматы – Екатеринбург тас жолының бойында, «Қайрақ» шекара бекетінен екі шақырымдай жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Ford Transit шағын автобусының жүргізушісі басқаруында 10 шетелдік жолаушы болған. Көлік DAF жүк машинасымен соқтығысқан.
Оқиға орнынан түсірілген суреттерде шағын автобустың жүк көлігіне арт жағынан соғылғаны, соққы әсіресе жолаушылар отырған бөлікке түскені байқалады. Қазіргі кезде жол апатының нақты себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жүргізушінің ұйықтап кетуі немесе көліктің техникалық ақауы себеп болуы мүмкін.
«Апат салдарынан алты адам оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бес адам түрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаменті.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің азаматтығы әлі нақтыланған жоқ.