Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеріс жүргізуді бастады.
Осыған байланысты 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Яғни, жекелеген автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасады.
"Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырамыз" делінген ресми ақпаратта.