Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қордай маңындағы жантүршігерлік апат: Тоқаев шұғыл шара қабылдауды тапсырды - Қазақстан жаңалықтары

Қордай маңындағы жантүршігерлік апат: Тоқаев шұғыл шара қабылдауды тапсырды - Қазақстан жаңалықтары

Бүгін Қордай маңында жантүршігерлік жол апаты болып, 11 адам көз жұмды. Сонымен қатар 29 адам зардап шеккен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаға қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

«Қордай тасжолында ірі жол апаты болып, 11 адам, Өзбекстан азаматтары көз жұмды. Жарақаттанғандар көп. Олардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Өзбекстан Республикасының президентіне жеделхат жолдадым. Біздің жолдардағы жағдай алаңдатарлық, ол туралы ІІМ отырысында айттым. Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым», - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Еске сала кетсек, бүгін, 20 сәуірде Алматы-Ташкент тасжолында ауыр жол апаты болды. "Тойота камри" маркалы көлік сол бағытта жүріп бара жатқан жүк көлігіне соғылды. Тасжол бойында апатқа ұшыраған көліктердің артынан келе жатқан автобус оларға соғылмайын деп әрекеттеніп, салдарынан жолдан шығып құлап кеткен. Апат салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 29 адам зардап шекті.
 


stan.kz
Автор
Жандос

Журналист