Ішкі туризмнің ілік-шатысы: жыл сайын 1,4 миллион қазақстандық шетелде демалады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Балабақшада күндізгі ұйқы кезінде 1 жасар бала тұншығып көз жұмды

Балабақшада күндізгі ұйқы кезінде 1 жасар бала тұншығып көз жұмды
Фото: depositphotos.com

1 жас 2 айлық Ноа Сибанда Англияның Дадли қаласындағы Fairytales Day атты жекеменшік балабақшада күндізгі ұйқы кезінде тұншығып көз жұмды. Сот материалдарына сәйкес, баланы ұйықтату барысында оны қалың  ұйықтау қапшығына тым тығыз етіп жатқызған, бұл оның тыныс алуына кедергі келтірген. Сонымен қатар бейнебақылау жазбаларында тәрбиешінің баланы дұрыс емес қалыпта ұстап, қауіпсіз ұйқтауын қамтамасыз етпегені анықталған, деп хабарлайды kznews.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.

Кейін қызметкерлер баланың тыныс алмай жатқанын байқап, дереу алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, бала сол жерде қайтыс болғаны хабарланды.

Осы оқиғадан кейін тергеу басталып, мекемедегі балаларды күту мен қарау жүйесінде елеулі бұзушылықтар бар екені анықталды. Сот балабақшадағы күндізгі ұйқы жағдайларын «өте қауіпті» деп бағалаған.

Оқиғаға қатысты 23 жастағы тәрбиеші Кимберли Куксон абайсызда адам өліміне әкелген кінәсін мойындаған. Ол сотта өз әрекеті үшін жауапкершілік алуға лайық екенін айтып, бұл жағдай өмір бойы есінде қалатынын және дұрыс әрекет етпегенін мойындаған.

Сот оны 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сонымен қатар, балабақша басшылығы да еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін корпоративтік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлегені және сот шығындарын өтеуге міндеттелгені белгілі болды. Мекеме иесіне шартты жаза тағайындалған.

Баланың ата-анасы сотта балабақшаға сенім артқанын, оның беделіне және ресми бағалау нәтижелеріне сүйенгенін айтқан. Кейін олар бұл оқиғаны орны толмас қайғы деп сипаттады. Анасы сенімінің қате болғанын айтса, әкесі ұлынан айырылу олардың өмірін түбегейлі өзгерткенін және ауыр психологиялық жара қалдырғанын жеткізген.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер