Жамбыл облысының Қордай ауданында екі жасөспірімнің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Қаракемер ауылында тіркелген, деп хабарлайды kznews.kz.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала бұл жағдай суицид ретінде қарастырылып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Құзырлы орган өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің денесі сарай ішінен табылғаны туралы ақпарат тараған.