Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Қолдан жиналған, өте ескі көлік”: Құтқарушы қызмет барысында жол апатынан көз жұмды

“Қолдан жиналған, өте ескі көлік”: Құтқарушы қызмет барысында жол апатынан көз жұмды
Фото: t.me/halyqstan

Алматы облысында қызметтік міндетін атқарып бара жатқан құтқарушы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.

Қайғылы оқиға 12 желтоқсанда Алматы–Қапшағай–Бақанас тас жолында болған. УАЗ маркалы қызметтік автокөлікте екі қызметкер отырған. Тайғақ жолда көлік басқарудан шығып, аударылған. Байланыс болмағандықтан, аман қалған жолаушы көмек шақыру үшін жаяу кеткен. Дәрігерлер келген кезде жүргізушінің қайтыс болғаны анықталды.

Марқұм — Фархад Аманбаев. Оның туыстары апатқа техниканың жарамсыз күйі себеп болды деп есептейді. Айтуларынша, көлік ескі әрі қолдан жиналған, тіпті есептен шығарылған жедел жәрдем көлігінің бөлшектері пайдаланылған.

Жақындары ведомство басшылығын қызметкерлерді тозығы жеткен техникамен жолға шығарды деп айыптап отыр. Дәлел ретінде олар апатқа дейін түсірілген бейнежазбалар мен құтқарушылардың көлікті өз қаржыларына жөндегенін көрсететін материалдарды ұсынды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.