Озған заман мен тозған мектеп: абайлық балалардың білім деңгейі қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда тағы бір фельдшер қызмет барысында көз жұмды

Алматыда тағы бір фельдшер қызмет барысында көз жұмды

Алматыда 3 желтоқсанға қараған түні жедел жәрдем көлігіне қатысты ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Түнгі шамамен 00:40-та Алатау ауданында жедел жәрдем каретасы бұрылыс жасаған сәтте, қарсы бағыттан келе жатқан Kia маркалы көлікпен соқтығысқан.

Соққы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алды. Ауыр хәлде жеткізілген 23 жастағы фельдшер бірнеше сағат өткен соң алған жарақатынан көз жұмды.

Полиция бұл фактіге қатысты адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада тағы бір 23 жастағы фельдшер — Ұлдана Мырзуан — көпқабатты үйдің қаптамасы опырылып, ауыр жарақаттан қайтыс болған еді. Денсаулық сақтау саласындағы қайғылы оқиғалар қоғамда үлкен резонанс тудыруда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.