Қанат Ниязбековтің отбасы мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев қуанышты жаңалығын айтты

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев қуанышты жаңалығын айтты
Мейірман Шекеев. Фото: видеодан алынды

Ресейде қалып, көмек сұраған қазақстандықтардың мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауына алынған. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Ресейде жүрген қазақстандықтардың алғашқы тобы елшілікке жеткізілмек.

"Өтінішіміз бойынша Ресейдегі балалардың мәселесі тікелей Қазақстан Республикасы Президентінің бақылауына өтті. Бүгін алғашқы 14 бала Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізілетін болды", – деп жазды Мейірман Шекеев.

Заңгер осы жаңалықтан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа аталған азаматтардың отбасылары және оларды қолдаған қазақстандықтардың атынан алғыс білдірді.

"Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге осы отбасылардың және қолдаушы қазақ елінің атынан алғыс білдіреміз", – деді ол.

Мейірман Шекеев қуанышты хабарды өзіне тікелей қоңырау шалып жеткізген Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге де ризашылығын білдірген. Қазақстан СІМ-нің ресми сайтында Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді қазіргі сыртқы істер министрі ретінде көрсетілген.

"Бұдан бөлек, осы қуанышты хабарды маған тікелей өзі қоңырау шалып жеткізген Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлына да өз тарапымнан ризашылығымды білдіремін. Қуанышты хабар жалғасын таба берсін", – деп жазды заңгер.

Бұған дейін Ресейге жұмыс істеуге барған бірқатар қазақстандықтың қиын жағдайға тап болғаны және елге оралу үшін көмек сұрағаны хабарланған еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер