«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қобалжыдым": Рыбакина Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын айтты

"Қобалжыдым": Рыбакина Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын айтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Ақордадағы кездесу кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Кездесу жақсы өтті. Әрине, таңертеңнен қобалжыдым. Жалпы бәрі ойдағыдай өтті. Президентпен өз жоспарларыммен бөлісіп, алдағы матчтар туралы сөйлестім. Мемлекет басшысы мені теннистегі нәтижелеріммен құттықтады. Президенттен сыйлық алдым, сағат және орамал", - деді Елена Рыбакина.

Еске сала кетейік, бұған дейін президенттің Елена Рыбакинаны Ақордада қабылдағанын жазған едік. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен отандық теннисшіні құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Елена Рыбакинаның мемлекет басшысына Wimbledon 2022 атты кітап сыйға тартқаны белгілі болды.

Автор
Еркебұлан