KZNews.kz
Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» басшысы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды

Жарқын Омаров
Фото: kmg.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Қазақстанның мұнай-газ кеңесі PetroCouncil хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Кеңес өкілдері Асхат Хасеновті жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс, жоспарланған бастамалардың сәтті жүзеге асуын және қазақстандық спорттың дамуына елеулі үлес қосуын тіледі.

Асхат Хасенов өмір бойы мұнай-газ саласында қызмет атқарған. Оның жеңіл атлетика саласындағы кәсіби жетістіктері туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін, 2024 жылдан бастап Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметін белгілі жеңіл атлет, олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атқарған.

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары