KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысы пара алу ісі бойынша ұсталды

KZNEWS

Қазақстанның бес аймағында орналасқан компанияның 40 өндірістік нысанында 20 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді


 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысы пара алу ісі бойынша ұсталды.

"Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысын ұстады", - делінген ақпаратта.

Лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша аудару үшін ақша алған.

Өзге ақпарат жарияланбайды. Тергеу жалғасып жатыр.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші.

Қазақстанның бес аймағында орналасқан компанияның 40 өндірістік нысанында 20 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.


 
KZNEWS
Автордың басқа материалдары