Бүгін ұлт қайраткері, мемлекетшіл, ұлтжанды азамат Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың туған күні.
62 жасқа толған қайраткердің құрметіне жаңа ән дүниеге келіпті. Қайнар Қатпай өзінің инстаграм парақшасында қазақтан сүйінші сұрады:
«Құрметті достар, қадірлі ән сүйер ағайын! Халқымыздың сан ғасырлық тарихында елге еңбегі сіңген тұлғалар аз болған жоқ. Ұлттың ұлы мұратын орындау жолында олар бар өмірін арнады. Тәуелсіздік алғаннан кейін де бұл үрдіс тоқтаған емес. Нақтырақ айтсақ, Алаш баласының «Мәңгілік ел» болу арманын жаңа заманның жаңашыл тұлғалары жалғастырды. Осы ұлы сапарда президентіміз Н.Ә.Назарбаевтан бастап Елбасының сенімді серіктеріне айналған әр азаматтың еңбегі еселі. Солардың қатарында Иманғали Нұрғалиұлы да бар. Бүгін аталмыш ел ағасының туған күні. Осы орайда мына бір туындымды назарларыңызға ұсынуды жөн деп шештім. Елін сүйген ел сүйген сіздей тұлға аман болсын: жаңа жасыңыз құтты болсын, аға!
P.S: Жағымпаздық немесе саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Шынайы шығармашылық шабыттан туған ән деп қабылдаңыздар!
Сөзі: Айсәуле Бейсенханқызы
Әні: Қайнар Қатпай
Орындаған: Қайнар Қатпай".