“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақтелекомның 30%-ға жуық акциясы мемлекетке қайтарылды

Қазақтелекомның 30%-ға жуық акциясы мемлекетке қайтарылды

Қазақстан Үкіметі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

"Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95 пайызын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын", - делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85 пайызын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

(фото: informburo.kz)

Автор
Данияр