Сенат кулуарында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңарту бойынша реформа дайындалып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта екі негізгі нұсқа қарастырылуда, деп хабарлайды kznews.kz.
Министрдің айтуынша, қазақстандықтар үшін ештеңе өзгермейді. Олар бәрібір ай сайын табысының 10% мөлшерін зейнетақы шотына аударатын болады. Талқылау жұмыс берушілердің міндетті жарналарына қатысты, олар жақын уақытта қызметкерлердің жалақысынан 5% деңгейіне дейін жетеді.
“Бұл 5%-дық аударымдар қазіргі уақытта екі негізгі жоба аясында қарастырылып жатыр. Бірінші жоба «4+1», ол жинақтаушы және сақтандыру зейнетақысын қамтиды. Оны БЖЗҚ ұсынады. «4+1» деген не? Қазір сіздің шотыңызға 10% аударылады. Енді соған қосымша тағы 4% аудару ұсынылады, ал 1% ортақ шотқа түседі. Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры не ұсынады? Ол барлық қаражатты бірден ортақ шотқа аударып, сол аударымдары бар азаматтарға қайта бөлуге мүмкіндік беруді ұсынады. Яғни, бұл әрбір азаматтың зейнетақы шотына түсетін қосымша қаражат болады”, - деген министр болашақ реформаның ықтимал нұсқаларын түсіндірді.
Түпкілікті шешім шілде айына дейін қабылданады. Сонымен қатар, Ертаев екі нұсқаны да қолдайтынын атап өтті.