Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл туралы вице-премьер Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, еңбек нарығындағы өзгерістер мен білім беру саласындағы жаңа үрдістер ҰБТ форматына түзетулер енгізуді қажет етеді.
Жоспарға сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсу кезінде іріктеудің гибридті моделі енгізілуі мүмкін. Бұл жүйеде талапкерлер тестпен қатар ауызша емтихан тапсырып, олардың сыни ойлау және коммуникациялық қабілеттері бағаланады.
Сонымен қатар Admissions Insight Test атты жаңа емтихан түрін енгізу көзделуде. Бұл тест халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленіп жатыр.
Бұдан бөлек, ҰБТ-ны грант конкурсына қатысу үшін бір реттік қорытынды емтихан ретінде тапсыруға көшу мәселесі қарастырылуда. Ал Foundation бағдарламалары арқылы шартты қабылдау жүйесінен бас тарту ұсынылып отыр.