Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 67,78 млрд долларға жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 67,78 млрд долларға жетті

Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 67,78 млрд долларға жетті
Фото: AI көмегімен жасалған.

Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекет экономикасының қалыпты дамуына кепілдік беретін және әлем алдындағы тұрақтылыққа негіз болатын ең маңызды көрсеткіш ретінде сол елдің жалпы халықаралық резервтері қарастырылады.

Бұл талап Қазақстанға да қатысты. Және қазіргі сәттегі есептеулер бойынша еліміздің жиынтық қоры айтарлықтай өскен екен. Мәліметке қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері жыл басынан бері 3,62 пайызға өсіп, 67,78 млрд долларға жеткен. Бұл туралы Ұлттық банктің есебінде айтылған.

Талдау дерегінше, жыл басынан бері резерв құрылымында айтарлықтай өзгеріс байқалған. Атап айтқанда, еркін айырбасталатын валютадағы активтер 16,99 пайызға төмендеп, қаржылай көлемі 15,089 млрд доллар болды. Ал монетарлық алтын көлемі 11,55 пайызға өсіп, 52,691 млрд долларға жетті.

Соның нәтижесінде таза халықаралық резервтер көлемі 4,18 пайызға ұлғайып, құны 65,776 млрд АҚШ долларын құрады.

Мұнан бөлек, Ұлттық қордың валюталық активтері де өсім көрсетіп, жыл басынан бері 1,45 пайызға артыпты. Бұл шамамен 64,822 млрд доллар болады.

Ұлттық банк сарапшыларының пайымынша, бұл үрдіс еліміздің резервтік саясаты алтынға көбірек сүйене бастағанын аңғартады. Қазіргідей әлемдік геосаяси тәуекелдер мен валюта нарығындағы тұрақсыздық жағдайында алтын қорын ұлғайту мемлекет үшін қаржылық қауіпсіздікті күшейтудің негізгі тетігі деп санайды мамандар.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.