KZNews.kz
Саясат

Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?

Жарқын Омаров
kznews.kz коллажы

«Чиновник» Telegram-арнасының редакциясы Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингін жариялады. Рейтинг 2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындыларын көрсететін ресми статистикалық деректерді, сондай-ақ әкімдіктердің сайттарында жарияланған ресми есептер мен баспасөз хабарламаларын кешенді талдау негізінде қалыптастырылған, деп хабарлайды kznews.kz.


Зерттеу аясында ашық дереккөздерде, медиакеңістікте және жергілікті атқарушы органдардың халықпен жүргізетін жария коммуникацияларында көрініс тапқан қоғамдық сенім деңгейі мен әкімдердің қызметіне қолдау көрсету көрсеткіштері де ескерілді. Бұл басқарушылық шешімдердің нәтижелілігін ғана емес, олардың қоғам тарапынан қалай қабылданатынын да бағалауға мүмкіндік берді.

Кешенді әрі көпфакторлы тәсілді қолдану басқару қызметінің тиімділігін объективті бағалауды қамтамасыз етіп, 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша әкімдер арасындағы көшбасшыларды анықтауға мүмкіндік берген.

Рейтинг нәтижелері:

Қызылорда облысы — Нұрлыбек Нәлібаев

Ақтөбе облысы — Асхат Шахаров

Алматы облысы — Марат Сұлтанғазиев

Ақмола облысы — Марат Ахметжанов

Қарағанды облысы — Ермағанбет Бөлекпаев

Қостанай облысы — Құмар Ақсақалов

Абай облысы — Берік Уәли

Жамбыл облысы — Ербол Қарашөкеев

Солтүстік Қазақстан облысы — Ғауез Нұрмұхамбетов

Павлодар облысы — Асайын Байханов

Маңғыстау облысы — Нұрдәулет Қилыбай

Жетісу облысы — Бейбіт Исабаев

Батыс Қазақстан облысы — Нариман Төреғалиев

Атырау облысы — Серік Шәпкенов

Ұлытау облысы — Дастан Рыспеков

Шығыс Қазақстан облысы — Нұрымбет Сақтағанов

Түркістан облысы — Нұралхан Көшеров

Бұл рейтингке Қазақстанның республикалық маңызы бар қалаларының әкімдері енгізілмеген.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →