«Шетелдіктер Қазақстанға әйел алуға келеді, ал мен жасанды интеллект орталығын ашуға келдім», – деді ол.
Айта кетейік, Павел Дуров Қазақстанда Telegram-ның жаңа жасанды интеллект орталығын құру жоспарын жариялаған болатын. Бұл орталық өңірлік ІТ-экожүйені дамытуға, сонымен қатар қазақстандық мамандардың халықаралық нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталмақ.
Форумға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, цифрлық даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Digital Bridge алаңы жыл сайын әлемнің түрлі елдерінен технологиялық стартаптар мен ІТ-индустрия көшбасшыларын жинайды. Биылғы форумға Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері әрі Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, сондай-ақ Стэнфорд профессоры Илья Стербулаев сынды беделді спикерлер қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара барысында жасанды интеллект, финтех, стартаптар мен цифрлық трансформация тақырыптары кеңінен талқыланып, жаңа серіктестік келісімдер жасалмақ.