"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанға Қытайдан алғашқы гуманитарлық көмек келді: Қандай құрадар жеткізілді? - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанға Қытайдан алғашқы гуманитарлық көмек келді: Қандай құрадар жеткізілді? - Қазақстан жаңалықтары

Алматы халықаралық әуежайына Қытай үкіметінің медициналық қорғаныс құралдарының алғашқы гуманитарлық жүктері келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Фармация" СК Алматы қаласындағы өкілдігінің менеджері Шолпан Ағыбекованың айтуынша, гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 500 кг құрайды.

"Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайды ескере отырып, Қытай Республикасы бізге гуманитарлық көмек көрсетті: коронавирусты анықтау үшін диагностикалық тесттер, инфрақызыл термометрлер, бір рет қолданылатын қолғаптар, бахилалар, медициналық киімдер, көзілдіріктер және басқа да медициналық қорғаныс құралдары", - деді ол.

Оның сөзінше, оларды елдегі медициналық мекемелердің қажеттілігіне қарай таратады.

ҚР-дағы Қытай бас консулының орынбасары Мяо Хумбо бұл көрсетілетін алғашқы және соңғы көмек емес екенін атап өтті. 

Жүк Алматы әуежайында 2 сәуірде қабылданды.


42500 теңгені алудың нұсқаулығы жарияланды


stan.kz
Автор
Еркебұлан