Аякөз ауданы әкімдігі: Айғыз ауылының ауыз су мәселесі тамызға дейін шешіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтарға Telegram-дағы жаңа алаяқтық схема туралы ескерту жасалды

Қазақстандықтарға Telegram-дағы жаңа алаяқтық схема туралы ескерту жасалды
Фото:depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі азаматтарды Telegram мессенджері арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды., деп хабарлайды kznews.kz.

Polisia.kz мәліметінше, қаскөйлер өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырып, азаматтармен байланысқа шығады. Бұл үшін олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен жеке деректерін пайдаланады.

Алаяқтар директордың немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қызметкерлерге жалған хабарламалар жіберіп, шұғыл түрде белгілі бір есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді немесе тауар үшін қаражат жіберуді талап етеді.

Мұндай хабарламалар көбіне бухгалтерлерге, қаржы бөлімінің қызметкерлеріне және ұйым қаражатына қол жеткізе алатын тұлғаларға бағытталады.

ІІМ азаматтарға күмәнді хабарламалар алған жағдайда:

ақша аудармауға және ешқандай қаржылық операция жасамауға;

басшымен телефон арқылы немесе жеке кездесіп, ақпаратты тексеруге;

жіберушінің нөмірін, аккаунтын және хабарлама мазмұнын мұқият қарауға;

күмән туындаса, хат алмасуды тоқтатып, бұл туралы басшылыққа хабарлауға кеңес береді.

«Сіздің қырағылығыңыз ақшаңызды сақтауға және алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі», – деп атап өтті ІІМ өкілдері.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі