Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтарға коронавирусты анықтайтын тест сынақтарын тегін жасайды - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандықтарға коронавирусты анықтайтын тест сынақтарын тегін жасайды - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандықтар үшін коронавирус сынақтары тегін болады, деп мәлімдеді ақпарат министрі Дәурен Абаев Орталық Коммуникациялық қызмет орталығындағы брифингте, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бүгінде біздің елімізде 60 мың сынақ тесті бар.

«Жақын арада тағы 150 мың сынаққа ие боламыз, тиісті келісім-шарттар жасалып жатыр, ал 100 мыңы демеушілер есебінен сатып алынады», - деді министр.

Белгілі болғандай, ұлттық сараптама орталығы Қытай Халық Республикасында шығарылған сынақ жүйелерін пайдаланады.

«Олар коронавирусты тиімді анықтай алады. Қытай тәжірибесі осыны көрсетті», - деді Абаев.

Айта кетейік, коронавирусқа жаппай тестілеуден өту - бұл адамдардың коронавирустан көз жұмуын алдын алудың ең тиімді әдісі. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан