НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір - Sputnik. Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банктегі есепшоты бұғатталмайды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Банк есепшоттары және инкассация операцияларына қатысты шектеулерді комитет департаментінің қызметерлері алып тастайтын болады. Бұл жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға да, жеке практикамен айналысатындарға да қатысты.
Бұл шара қазақстандықтарға 42 500 теңге төленуімен байланысты. Адамдар ақшаны жедел алуы үшін есепшоттарға қатысты шектеу шараларын алып тастау туралы шешім қабылданды.
Бұған дейін президент шағын және орта бизнесті салық және өзге төлемдерден босатуды тапсырған болатын.
Ол мемлекеттік комиссия бұл тізімге енетін салаларды анықтайтынын айтты.