Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдемақыны екінші рет ала алады

Қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдемақыны екінші рет ала алады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Еңбек министрлігі 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны төтенше жағдай режимі кезінде екінші рет алу мүмкіндігі туралы хабарлады

АЛМАТЫ, 11 сәуір — Sputnik. Қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдемақыны екінші рет ала алады, өйткені төтенше жағдай режимі ұзартылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев мәлімдеді.

"Біз 42 500 теңге табысынан айырылған қазақстандықтарға ай сайын беріледі деп айтқан едік. Әрине, төтенше жағдай ұзартылғаннан кейін азаматтар бұл төлемді екінші рет алады", - деді Мұқышев журналист Роза Есенқұловаға тікелей эфирде берген сұхбатында.

Вице-министрдің айтуынша, екінші рет төлем алу үшін тағы да өтініш беріп, ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ.

"Өтініш беріп, төлемді алғандарға екінші рет ақша түседі. Егер төтенше жағдай ұзартылса, жәрдемақы да төленеді", - деді Мұқышев.

Төтенше жағдай режимі екі аптаға ғана ұзартылса да, 42 500 теңгені қазақстандықтар толық алуы тиіс.

"Бұл мәселе әлі талқыланып жатыр. Бірақ біз ақшаны екіге бөлмей, толық беруді көздеп отырмыз. Қайткен күнде де шешім нормативтік-құқықтық актілер аясында қабылданады", - деп атап өтті вице-министр.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан