KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қазақстандықтар 30 тамызда демала ма: Еңбек министрлігі жауап берді

• Жарқын Омаров
Фото Depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай биыл қазақстандықтар 30 тамызда демалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұрын бұл уақытта Конституция күні атап өтілетін, алайда енді мереке басқа күнге ауыстырылады.

«Жоқ  енді бұл күн демалыс күні болмайды, өйткені жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін 15 наурыз ресми түрде Конституция күні болады», – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум 15 наурызда өтті. Енді бұл күн елімізде жыл сайын Конституция күні ретінде атап өтіледі.

Жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →