Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекет енді зейнеткерлерге қосымша төлем жасамайды: Еңбек министрлігі түсінік берді

Мемлекет енді зейнеткерлерге қосымша төлем жасамайды: Еңбек министрлігі түсінік берді
Фото deposit photos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарындағы инфляция өтемақысының жойылатыны туралы ақпарат тарағаннан кейін түсінік берді. Ведомство азаматтардың зейнетақы жинақтары мемлекет қорғауында қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомствоның түсіндіруінше, өзгеріс тек инфляция деңгейі мен зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығы арасындағы айырманы өтеу тетігіне қатысты. Бұл өтемақыны төлеу 2027 жылдан бастап тоқтатылады.

Министрлік мұны қазақстандықтарға биылғы қыркүйектен бастап зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін жеке инвестициялық басқарушы компанияларға беру мүмкіндігі ұсынылатынымен байланыстырды. Егер азамат өз еркімен мұндай компанияны таңдаса, оның инвестициялық тәуекелдері мемлекет есебінен өтелмейді.

Министрліктің мәлімдеуінше, салық төлеушілердің қаражаты жеке басқарушы компаниялардың инвестициялық қызметінен туындаған ықтимал шығындарды өтеуге жұмсалмауы тиіс.

Мұндай жағдайда теріс инвестициялық табыстылық үшін жауапкершілік зейнетақы активтерін басқарушы компанияларға жүктеледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олар келтірілген шығынды өз капиталы есебінен өтеуге міндетті.

Ал зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аудармаған азаматтардың қаражатын бұрынғыдай Қазақстанның Ұлттық банкі басқара береді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі