“Балаң жетесіз болса, құрбан шалудан не пайда?”: Нұрлан имам үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда жазғы каникулда жұмыс істеген жасөспірімдердің жартысынан көбі ресми түрде рәсімделмеген - Еңбек министрлігі

Қазақстанда жазғы каникулда жұмыс істеген жасөспірімдердің жартысынан көбі ресми түрде рәсімделмеген -  Еңбек министрлігі
Фото Depositphotos.com

Қазақстанда еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы балалардың саны 1,7 млн адамды құрайды, 5,3 мың оқушы жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндады, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрліктің ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес бүгінгі күні 5,3 мың оқушы жұмыспен қамтылған.

«Олардың ең көбі сауда, ойын-сауық және демалыс қызметтерін ұсыну, сондай-ақ тамақтану салаларында жұмыс істейді, яғни жасөспірімдер жиі алғашқы еңбек тәжірибесін алатын бағыттар. Мамандықтарға бөлсек, бұл – көгалдандыру жөніндегі жұмысшылар, курьерлер, даяшылар, сатушы-кеңесшілер, аспаздардың көмекшілері, аниматорлар және тағы да басқалар», - деді Асқарбек Ертаев.

Сондай-ақ министр электрондық enbek.kz еңбек биржасы платформасында өткен жылдан бастап «Менің жазғы демалысым» деп аталатын арнайы бөлім іске қосылғанын атап өтті.
 

«Бұл оқушыларға 14 жастан бастап платформада тіркеліп, жеке кабинет құрып, түйіндеме орналастыру арқылы өз бетінше қолайлы жұмыс іздеуге мүмкіндік береді. Осы ретте, 16 жасқа дейінгі оқушылар үшін жеке кабинетті тіркеуді және құруды заңды өкілдер жүзеге асырады», - деп түсіндірді Асқарбек Ертаев.

Платформа ресми түрде қауіпсіз жұмыс іздеуді және міндетті еңбек шарттарын жасасуды қамтамасыз етеді. 2026 жылдың басынан бастап «Менің жазғы демалысым» платформасы арқылы 1 024 оқушы, ал 2025 жылы 4 552 оқушы жұмысқа орналастырылды.

Жалпы, өткен жылдан бері белсенді шаралармен 8,5 мыңнан астам оқушы қамтылды. Олардың едәуір бөлігі қоғамдық жұмыстарға орналастырылған, өйткені оған қатысу кезінде білім қажет етілмейді. Биыл жұмысқа орналастыру оқу процесі аяқталғаннан кейін басталады.

«Оқушылардың жұмыспен қамтылудағы негізгі мотивациясы – өздерінің қалта шығынына ақша табу және ата-анасына көмектесу. Респонденттердің 16,2%-ында бастапқы жұмыс тәжірибесі бар», – деді Еңбек министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, өткен жылдардағы жазғы демалыс кезінде жүргізілген талдау нәтижесінде:

жасөспірімдердің 70%-дан астамы ресми еңбек шартынсыз жұмыс істеген;

51%-ы кешкі немесе түнгі уақытта еңбек еткен;

10%-ы жалақының тұрақсыз төленуімен немесе мүлде төленбеуімен бетпе-бет келгені анықталған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі