KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстандық жас боксшының жойқын нокауты үздік ондыққа енді – видео

KZNEWS
Спорт

Қысқа сілтеме алу

798 0 0

20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов рейтингте тоғызыншы орынды иеленді

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Канадалық TVA Sports телеарнасының сайты 2018 жылы Квебек провинциясында жұдырықтасқан боксшылардың ең үздік он нокаутын ұсынды, деп хабарлады Sports.kz.

Рейтингтің тоғызыншы орнын 20 жастағы қазақстандық   Садриддин Ахмедов иеленді, ол 24 қаңтарда Римускидегі бокс кешінде мексикалық Хосе Франсиско Суньиганы нокаутқа жіберген болатын.

"20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов мексикалық Хосе Франсиско Суньиганы екінші раундта нокаутқа жіберді. "Eye of the Tiger Management" промоутерлік компаниясының қамқорлығындағы бұл боксшының болашағы жарқын және 2019 жылы да бізді таңғалдыруы мүмкін", — деп жазылған мақалада.

TVA нұсқасы бойынша үздік он нокауттың видеосын мына жерден көруге болады. 

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
KZNEWS
Автордың басқа материалдары