Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық талапкерлер жаңа халықаралық тестпен шетелдік университеттерге түсе алады

Қазақстандық талапкерлер жаңа халықаралық тестпен шетелдік университеттерге түсе алады
Фото: testcenter.kz

Қазақстанда халықаралық мойындалған жаңа ҰБТ енгізіледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Енді талапкерлер дәстүрлі тесті тапсырады немесе халықаралық мойындалған жаңа тестті таңдайды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, жаңа тест қазақстандық түлектерге әлемнің кез келген университетіне түсуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жоба әзірлеу үстінде. Министр бұл жобаның ұзақмерзімді екенін айтып, 2026 жылға дейін ата-аналар мен оқушылардың алаңдамауы керегін ескертті.

"Біздің тест әзірлеушілер жаңа тесттің халықаралық деңгейде мойындалуын қалайды. Алдағы бір жыл ішінде біз оны әзірлеуді жалғастырамыз. Талапкерлерге таңдау құқығы беріледі. Дәстүрлі ҰБТ тапсыру арқылы Қазақстан университеттеріне түсуге немесе жаңа тест тапсыру арқылы шетелдік университеттерге, Қазақстанда ашылған шетелдік ЖОО филиалдарына түсуге болады. Бұл жаңа тест 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Жоспарды іске асыру үшін қазақстандық мамандар Educational Testing Service (ETS) штаб-пәтерінде оқудан өтеді. Нұрбек қазіргі таңда кейбір шетелдік университеттердің қазақстандық ҰБТ-ға сенбейтінін, сондықтан халықаралық мойындалатын тест қажет екенін айтты.

Жаңа тест оқушының тек мектеп бағдарламасындағы білімін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік белсенділігін, логикалық және сыни ойлау қабілетін, функционалдық сауаттылығын бағалайтын болады.

Министр атап өткендей, дәстүрлі ҰБТ сақталады, бірақ уақыт өте келе жаңа тесттің кеңінен қолданылуына байланысты дәстүрлі тест қажеттілігі азаюы мүмкін.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сапары барысында ETS бас директоры Амит Севакпен кездесті. Кездесуден кейін ҰБТ әдістемесін және мазмұнын қайта қарастыратын арнайы жұмыс тобы құрылатыны хабарланды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі