«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық клуб Жозе Моуриньоны бас бапкерлік қызметке тағайындады

Қазақстандық клуб Жозе Моуриньоны бас бапкерлік қызметке тағайындады

Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын клубтардың бірі әйгілі португалиялық маман Жозе Моуриньоның бас бапкер болып тағайындалғанын хабарлады.

Көкшетаулық «Оқжетпес» клубы ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында ел күтпеген жаңалықты жариялап, таңғалдырды.

«Жозе Моуриньо «Оқжетпесті» баптады» делінген ресми хабарламада. Алайда аталған хабарлама аздаған уақыттан кейін қайта өшірілген.

Еске сала кетсек, Моуриньо бірер күн бұрын ғана «Манчестер Юнайтед» клубындағы бас бапкерлік қызметінен босатылған болатын. Ал «Оқжетпес» биылғы маусымда Бірінші лигада өткізіп, келесі жылы ҚПЛ-да ойнайтын мүмкіндікті жеңіп алған.

Қазіргі таңда Моуриньоны италиялық «Интер», мадридтік «Реал» клубтарының қызметке шақыруы мүмкін екені айтылып жатыр.

Абай Аймағамбет

Дереккөз: Айқын
Автор
Жандос