300 мыңнан асты: кәсіпкерлер қыз-келіншектер саны көбейген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

300 мыңнан асты: кәсіпкерлер қыз-келіншектер саны көбейген

300 мыңнан асты: кәсіпкерлер қыз-келіншектер саны көбейген
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 35 жасқа дейінгі 597,7 мың жеке кәсіпкер тіркелген екен. Олардың қатарында 304 242 қыз- келіншек және293 447 ер-азамат бар.

Жалпы, ел бойынша жас кәсіпкерлердің денін әйелдер құрап отыр екен. Яғни, жас кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі 50,9 пайызға жеткен. Ал ерлердің үлесі 49,1 пайыз болған.

Талдау деректері көрсеткендей, жас кәсіпкерлердің басым бөлігі қалаларда жұмыс істейді. Нақтысы, қалалық жерлерде 456 231 жеке кәсіпкер тіркелсе, ауылдық жерлерде олардың саны 141 458 адамды құрайды. Осы қалаларда тіркелген әйел кәсіпкерлердің саны ерлерден басым түскен, 236 410 әйел және 219 821 ер адам болып отыр. Ал ауылдық жерлерде ерлер көш бастап тұр. Мұнда 73 626 ер кәсіпкерге 67 832 әйел кәсіпкерден келеді екен.

Сонлай-ақ, жас кәсіпкерлер ең көп шоғырланған саласы ретінде көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу бағыты белгіленген. Бұл бағытта 264 546 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Екінші орында өзге қызмет түрлерін көрсету саласы тұр. Мұнда 102 138 кәсіпкер тіркелген.

Мұнан бөлек, жас кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібінде, көлік және қоймалау, ауыл, орман және балық шаруашылығы, құрылыс, қоғамдық тамақтану, жылжымайтын мүлік, білім беру және өнер салаларында еңбек етеді.

Айтпақшы, өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр екен Мұнда 112 121 жас жеке кәсіпкер тіркелген. Екінші орында 81 740 кәсіпкері бар Астана қаласы орналасқан. Одан кейін Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Алматы және Жамбыл облыстары келеді.

Тоқетерін айтқанда, статистика жас кәсіпкерлер арасында әйелдердің үлесі басым екенін көрсетеді. Алайда, тіркелген жеке кәсіпкерлердің санына қарап олардың нақты табысын, бизнестің тұрақтылығын немесе жұмыспен қамтыған адамдар санына қатысты нақты болжам жасау мүмкін болмай отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.