KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстандық футбол клубының директоры көз жұмды

KZNEWS

Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасына қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды "Қызыл-Жар СК" командасының баспасөз қызметі.

Бөтембаев еркін күрестен спорт шебері және әскери джиу-джитсудан қара белбеуінің бірінші "сенсей" данын иеленген еді.

Ол көкшетаулық клубта 2018 жылдың ақпан айыннан істеген. Бөтембаев еңбек еткен уақытта "Оқжетпес" бірінші лигадан премьер-лигаға қайта көтерілген. Ал 2019 жылы Қазақстан чемпионатында жетінші болды, бұл команда тарихындағы ең жоғары нәтиже.

Бөтембаевтың неден көз жұмғаны айтылмады

KZNEWS
Автордың басқа материалдары