KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстандық дизайнер кісі қолынан қайтыс болды

KZNEWS

Әлеуметтік желіде достары мен әріптестері қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның қаза болғаны туралы суыт хабар жеткізді


Белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды. Хабарды достары мен әріптестері әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

Өзінің  Instagram парақшасында дизайнердің өлімі туралы шымкенттік рэп-орындаушы Hiro жазды.


"Бұл Нұрсұлтанның көзі. Бізбен бірге Сәбит @b1sen жоқ, бірақ оның логотипі әр жерде! Бұл символды көрмедім демеңіз. Ол жейде, көше, барлық жерде! Біз көшеге сенің атыңды береміз! Ескерткіш орнатамыз!" – деп жазды ол.

Ол желіге жүктеген stories-те дизайнер адам қолынан мерт болғанын жазды.

"Бисен енді біздің жанымызда емес. Досымды тепкілеп өлтірді. Сау жері қалмады! Аяқкиімінен таныды", - деп жазды Hiro.

Қазақстандық рэп-орындаушы Азамат Маркленов те желіде жазба қалдырды.

"Кешірші бізді, күндердің бір күнінде міндетті түрде бірге жұмыс істейміз, бауырым. Сен әрдайым біздің жүрегіміздесің", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

sputnik.kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары