Министрлік Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге азайғанын түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық блогер 10 жылға сотталды

Қазақстандық блогер 10 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Арқалықта сот "Арайлы Арқалық" YouTube-арнасының авторы, жергілікті тұрғын Қанат Әлімбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды kznews.kz Tobolinfo.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Ер адамның ұсталғаны туралы биыл сәуірде белгілі болды. Ол кезде Қостанай облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған еді.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті әйелдерге қарызға ақша беріп, кейін жыныстық қатынасқа түсуді талап еткен, ал бас тартқан жағдайда сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.

22 мамырда Арқалық қалалық соты Қанат Әлімбаевты кінәлі деп таныды. Іс материалдарына сәйкес, оған ҚР ҚК-нің 120-бабы ("Зорлау"), 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") және 123-бабы (" Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету") бойынша айып тағылған.

Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Қорғаушы тарап апелляциялық шағым түсірді.

Істің егжей-тегжейі жарияланбайды. Сот актісі ашық дереккөздерде жарияланбаған, процесс жабық режимде өткен болуы мүмкін.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.