АҚШ-та Cash Cartier лақапатымен танымал блогер (шын есімі - Калеб Микенс) өзінің сүйіктісі Шейла Куэвасты өлтіргені үшін 75 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz The New York Post басылымына сілтеме жасап.
«Бұған дейін де әйелдерге қатысты зорлық әрекеттері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған инфлюенсер өз сүйіктісін өлімге әкелген шабуыл жасағаны үшін 75 жыл түрме жазасына кесілді», — делінген басылымда.
2023 жылдың қазан айында блогер жедел жәрдем шақырып, қыздың тыныс алмай жатқанын айтқан. Дәрігерлер келгенде оның денесінен пышақ жарақаттарын және қабырғаларының сынғанын анықтап, оны аман алып қалу мүмкін еместігіне көз жеткізді.
Микенс бастапқыда қызға ит шабуыл жасады деп мәлімдеген. Жануар арнайы препаратпен ұйықтатылғанмен, полиция иттің шабуылын дәлелдейтін ешқандай айғақ таппаған.
Тергеу барысында блогердің жәбірленушіні соққыға жыққаны анықталды. Сотта оның бұрынғы бірнеше сүйіктісі де оған қатысты жыныстық зорлық пен азаптау деректері жайлы айтқан. Нәтижесінде сот блогерді кінәлі деп танып, 75 жыл түрме жазасын тағайындады.