«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық бизнесмен Испаниядағы вилласынан өлі табылды

Қазақстандық бизнесмен Испаниядағы вилласынан өлі табылды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Испания полициясы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын хабарлады, консул мән-жайды анықтау үшін жол жүріп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық бизнесмен Марат Сабалақов Испанияда қайтыс болды, деп жазды Diarioinformacion.com және El Dia басылымдары.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Испания полициясы Қазақстан азаматы қайтыс болғанын хабарлады. Қазір консул барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына аттанып кетті", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

53 жастағы Марат Сабалақовтың денесі вилла аумағынан табылды. БАҚ ер адам бұрын ауырғанын атап өтті.

Бастапқыда зорлықпен өлтірген деген болжам жасалды, өйткені мәйіттің жанынан ғана емес, үйден де қан іздері табылған.

Мысырда Қазақстан елшілігінің қызметкері жұмбақ жағдайда көз жұмды

Дегенмен Сабалақов денсаулығына байланысты есінен танып құлап, басын жарып алуы әбден мүмкін, деп жазды жергілікті басылым. Қазаның нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Марат Сабалақов туралы не білеміз

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Марат Сабалақов AS Invest Group компаниясының президенті болған. 2015 жылдың қараша айында Сабалақов Словакия Республикасының Алматыдағы құрметті консулы қызметіне тағайындалды. Ол "бұл қызметтегі басты мақсатым екі ел арасындағы экономика, сауда, мәдениет, ғылыми және білім саласындағы қатынастарды нығайту" деген болатын.  


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан