Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді - Тосын жай

Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді - Тосын жай

Бішкек маңында қазақстандық нөмірмен жүрген жүк көлігінің жүргізушісі мектептен қайтып бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып өлтірді, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек" басылымы Шу облысының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 5 желтоқсанда күндізгі уақытта Ленин ауылы Бішкек - Қордай тасжолында болған.

"Қыз жолдың шетінде аялдама жақта тұрған. Оны өтіп бара жатқан жүк көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады милициядағылар.

Жүк көлігінің тізгінінде Қазақстан азаматы болған. "Ер адам жол апаты болған жерден қашқан жоқ. Ұсталды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның себебін анықтап жатыр", - дейді басылымдағылар.

Kaktus.media куәгерлерге сілтеме жасап отырып, жүк көлігінің қыз баланы 20-30 метр жерге ұшырып жібергенін айтады. Басылымның мәліметінше, ер адам оқиға орнынан жасырынбақ болған, алайда оны кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын инспекция қызметкері ұстаған.

Автор
Жандос