Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық ауыр атлеттер "В" тобында бірінші және екінші орын алды

Қазақстандық ауыр атлеттер "В" тобында бірінші және екінші орын алды

Ауыр атлетикадан Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында 64 келіге дейінгі салмақтағы "В" тобындағы спортшылар бәсекесі аяқталды.

Қазақстандық ауыр атлеттер Әсем Садықова мен Карина Горичева бірінші және екінші орынды өзара еншіледі. "А" тобындағы (мықтылар жарысы) жарыс Астана уақытымен сағат 20:55-те басталады.

Әсем қос жаттығу бойынша 226 келіні (101+125) еңсерсе, Карина 224 келімен (107+117) шектелді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар. Оны ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей жеңіп алған болатын. Ал осыған дейін жарысқа қатысып үлгерген Айдар Қазов (81 келі), Нижат Рахимов (73 келі), Сәуле Сәдуақасова (59 келі), Зульфия Чиншанло (55 келі) және Фархад Харки (67 келі) жүлделі орынға іліккен жоқ.

Автор
Мадияр